Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесіне 26 шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Олар қала тұрғындарына базардағыдан төмен бағамен сүт, көкөніс, ет өнімдерін ұсынды.
"Жәрмеңкеде 2,3 тонна картоп, 1,4 тонна сәбіз, 1,52 тонна пияз, 900 килограмм қырыққабат, 400 килограмм ет, 350 литр сүт және басқа да өнімдер сатылды", деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге келушілерге 500 бетперде тегін берілді.