Алайда олардың басым бөлігі өлі табылған немесе алған жарақаты тым ауыр болған. Аймақ өкілдері барлығы 108 жануарды құтқарып қалғандарын мәлімдеді. Бес күнге созылған операцияға суық суда тұрып жағаға келген киттерді теңізге қайта бағыттауға жүздеген волонтер қатысқан. Бұл тарихта тіркелген осы тәрізді оқиғалардың ең ірілерінің бірі. Жалпы, киттердің жағаға шығып қалуы – үнемі қайталанатын құбылыс. Ғалымдар бұл құбылыстың нақты себебін әлі анықтай алмай келеді. Дәл осы секілді жағдайларда көбіне киттер азығын аңдып жүріп жолынан жаңылуы мүмкін екен. Кейде өздері жемтікке айналып қалуы да мүмкін. Таяз суға, көбіне жағаға қарай тым жақын келгенде осындай жағдайлар қайталанады. Әзірге мұндай ең ірі оқиға 1918 жылы Жаңа Зеландияда тіркелген. Онда бір мың жануар жағаға шығып қалған. Қазір құтқарушылар жағажайды өлекселерден тазартып жатыр, ал тұрғындарға әзірге жағажайға келуге болмайды.