"Астана" гандбол клубының әйелдер командасы елдегі көшбасшылығын сақтап қалды. Гандболдан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, биыл пандемияға байланысты ел чемпионаты бұрын жиналған ұпайлар бойынша аяқталды. 28-ші чемпионаттың он ойынындағы алты команданың нәтижелері есепке алынды.
"Астана" гандбол клубы 20 ұпаймен чемпион атанып, 15 ұпай жинаған Қызылорданың "Қайсар-Қам-ҚМУ" және 13 ұпай жинаған Шымкенттің "Қазығұрт" командаларынан озып шықты.
Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысты: "Астана"(Нұр-Сұлтан)," Қайсар-Кам-КГУ" (Қызылорда), "Қазығұрт" (Шымкент), "Достық" (Алматы), "Алтай" (Шығыс Қазақстан облысы), "Тұран" (Түркістан облысы).