Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Футбол: "Астана" ұтты, "Қайрат" тең ойнады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 11 турында жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап келе жатқан Алматының "Қайраты" Көкшетаудың "Оқжетпесімен" болған кездесуде ойда-жоқта ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Футбол: "Астана" ұтты, "Қайрат" тең ойнады

Талғарда өткен бәсекенің 6 минутында Пламен Димов есеп ашса, 28 және 38 минуттарда Небойша Косович пен Абат Айымбетов соққан қос голдан кейін алматылықтар алға шықты. Алайда бірінші кезеңнің соңғы секундттарында Артем Дмитриев таразы басын теңестіріп кетті. Үзілістен кейін дәл сол Дмитриев (56 минут) нысананы дәл көздеді. Бірақ көкшетаулық футболшылардың қуанышы ұзаққа созылмады. 72 минутта Вагнер Лав мергендік танытты – 3:3. Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталды.

Алматыда "Астана" мен "Жетісу" шеберлік байқасты. Бұл кездесуде Нұр-Сұлтаннан келген жігіттердің мерейі үстем болды. Олар талдықорғандықтардың қақпасына жауапсыз үш доп соқты – 3:0. Бұл голдардың авторлары – Жарко Томашевич (39, 65 минуттар) пен Абзал Бейсебеков (78 минут). Ал "Тараз" бен "Тобыл" арасындағы матчта есеп ашылған жоқ – 0:0.

Жарыс кестесінде "Қайрат" әлі де ешкімге жеткізер емес. Алматылық клуб еншісінде 25 ұпай бар. Екінші орында – "Астана". Елордалық команданың басты қарсыласынан төрт ұпайы кем.