Манарбек Ғабдуллин еңбек жолын ішкі істер органдарында 1994 жылы бастады. Алғашында учаскелік инспектор, кейін аға учаскелік инспектор, бөлімше инспекторы, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор ретінде мол тәжірибе жинады. Бұдан соң Орал қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып, қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосты.
Ал 2006 жылдың қарашасынан Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының (әкімшілік полиция басқармасы) бастығы, 2013 жылғы сәуірінен Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды. 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, 2018 жылдан бері осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарып келді.