Акция кезінде әрбір әкім, басшы өзінің ашықтығы мен жеке жауапкершілігін көрсете отырып, ұжымдағы сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жөніндегі шараларын БАҚ-та кеңінен жария етуі тиіс.
Мемлекет басшысы айтқандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізбейтін басшылар анықталады. Акция 9 желтоқсанға дейін жалғасады және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай қорытындыланып, ең адал басшылар атап өтіледі.
Республикалық жобалық кеңсенің басшысы акция аясында, біріншіден, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары өз қызметінің ашықтығын көрсете отырып, жалақылары туралы ақпаратты жариялайды және жобалық кеңсеге өздерінің мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шаралары туралы ақпаратты және өз ұсыныстарын жібереді деп хабарлады.
"Осыны басшылыққа алып, барлық өңірлерде мұндай жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары мен мемлекеттік органдардың басшылары жүргізуге тиіс. Екіншіден, жергілікті БАҚ тұрғындардың әкімдік қызметіне қатысты сауалнамасы бойынша қолдау көрсетіп, телеарналарда сюжеттер көрсеткенін қалаймыз", деді С.Сәбитов.
Солтүстік Қазақстан облысы