Жанна Пралиеваның айтуынша, есепті кезеңде фармацевтикалық компаниялар қызметінің мониторингі нәтижелері бойынша 102 субъект тіркелмеген дәрілік препаратты сату және дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті рұқсат етілген бағадан асып кету фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Дәрігерлер мен мамандар бірнеше рет тұрғындарды бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу туралы қарапайым талаптарды орындауға үндеу жасалғанымен, айтылған талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер осылай жалғаса берсе, жалпы қала бойынша КВИ ауруының өсуіне әкелуі мүмкін", дейді дәрігер.
Сондықтан ол тағы да қала тұрғындары мен қонақтарын шыдамдылыққа, санитарлық ережелерді сақтауға шақыратынын еске салды.