08 Қараша, 2013

Халық Президент бастамаларын қолдайды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-соцопрос толстушка утв-2-1

Сұрау салынған қазақстандықтардың 98%-ы­ Мемлекет басшысының 11 қа­занда өткен Үкіметтің кеңейтілген оты­ры­сын­да айтқан барлық бастамалары мен тап­сыр­ма­ларын қолдайды.

«Сарапшы» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірлерінде қуат үнемдеу және ТКШ-ні жаңғырту проблемалары бойынша әлеуметтік сауалдама өткізді.

 

01-соцопрос толстушка утв-2-1

Сұрау салынған қазақстандықтардың 98%-ы­ Мемлекет басшысының 11 қа­занда өткен Үкіметтің кеңейтілген оты­ры­сын­да айтқан барлық бастамалары мен тап­сыр­ма­ларын қолдайды.

«Сарапшы» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірлерінде қуат үнемдеу және ТКШ-ні жаңғырту проблемалары бойынша әлеуметтік сауалдама өткізді.

ТКШ-лердің жай-күйі басқару жүйесінің тиімсіздігімен және ТКШ кәсіпорындарының қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен сипатталады. Кәсіпорындар жұмысының тиімсіздігі салдарынан судың және басқа да ресурстардың босқа шығындалатыны атап өтіледі. Осыған байланысты, үстіміздегі жылдың 11 қазанында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Үкіметке: «Әуелі қуат үнемдеудің базалық мәселелерін шешу қажет», деп нақты тапсырма берді.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, сұрау салынған қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан барлық бастамалары мен тапсырмаларын қолдайды.

Үкімет 2011 жылы қабылдаған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған бағ­дарлама күні бүгінге дейін елдегі қалалар мен кенттер тұрғындары үшін жақсы таныс емес.

Қазақстандықтардың «ТКШ-ні жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы» аясында өткізілген шаралар туралы хабардарлығы.

 

01-Диаграмма 1Республикалық сауалдаманың қоры­тындылары тұрғын үй иелері – бағдар­ла­маларға қатысушылардың өткізілген ша­ра­ларға әркез қанағаттана бермейтінін ай­ғақтайды.

Қазақстандықтардың 66,7%-ы – бағдар­ламаларға қатысушылар баға мен жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасы­ның сәйкестігіне қанағаттанбайды; рес­пон­­денттердің 65,4%-ы сылақ-сырлау жұ­мыс­­тарына көңілдері толмайды; 55,6%-ы жер­тө­­лелердің қазіргі жағ­дайына риза емес; сұ­ралғандар­дың 51,9%-ы төбе жабындысы мен кәріз жүйесіне жүр­гізілген жөндеу жұ­­­мыстары нәтижесін сы­найды; 48,1%-ы­ электрмен қамтамасыз ету жүйесіне жүр­­гізілген жөндеу жұмыстарына қана­ғат­танбайды; үштен бірі үйді сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайды.

Соңғы жаңалықтар