"Венгрия азаматының айтуынша, үйден 1 мың евродан астам қаражат жоғалып кеткен. Біз брінші кезекте шетелдік азамат тұратын үйге келетін адамдарды тексердік. Толық тексеруден кейін, ақшаны ұрлаған күдікті үйді тазалаған әйел екенін анықтадық. Күдіктінің жедел түрде ақшаны айырбастаған жері анықталды. Ол қажетті дәлелдер жиналғаннан кейін қамауға алынды. Үй тазалаушы өзінің кінәсін бірден мойындады", деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Басқарма бастығы бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ұрлық болғаны туралы ақпарат алғаш әлеуметтік желіде жарияланған.