Кеңеске қатысушылар инвестиция тарту бойынша көзделген көрсеткіштерге қол жеткізу барысы туралы баяндады. Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған жобалар қарастырылды.
Әр сала министрліктері ұсынған жобалар қатарында әуежай, цемент зауытын, құс фабрикасын, кабель және трансформатор шығаратын өндірістік кешен салу, минералды тыңайтқыштар мен құрама жем шығаратын зауыттар, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу зауытын, шойын шығаратын металлургия зауыты, ет өңдейтін кешеннің құрылысы, бақтарды дамыту және өңделген жемістерді өндіру, балық өсіру кешені және тағы басқалары бар.
Алқалы жиында жобалардың өзектілігі, іске асыру кезеңдері, құжаттаманың дайындығы және жалпы ұсынылған инвестициялық жобалардың әрқайсысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Ұсынылған инвестициялық жобалар еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді. Бұл жобалардың іске асырылуын мониторингілеу процесі бірінші вице-премьердің жеке бақылауына алынды.