Аудан әкімі Халел Жамаловтың айтуына қарағанда, тұрғындар енді әр мекенжайда орналасқан бөлімдерге шапқыламай, өтініштерін "сервистік әкімдікке" беруіне мүмкіндік алды. Өйткені, мұнда азаматтарға ыңғайлы жағдай жасалды.
"Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа "бір терезе" қағидатымен әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіп, кеңес беруді көздейді. "Сервистік әкімдіктің" мақсаты – жемқорлықпен күресіп, кәсіби қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, әкімдердің жауапкершілігін күшейту. Сонымен қатар, мұнда "өз-өзіне қызмет көрсету" бұрышы мен "Атырау – адалдық алаңының" Жылыой аудандық жобалық кеңсе өкілі тұрғындарға тиімді қызмет ұсынады", дейді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.