Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Бәйтеректе өрт шықты

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық кентінде өткен түні бірнеше үй, қоражайлар өртеніп, мал мен құс тірілей өртеніп кетті. Төтенше жағдай департаменті мамандарының хабарлауынша, тілсіз жауды қаскөйлер тұтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәйтеректе өрт шықты

30 қыркүйек күні түнгі сағат 1-ге таман Достық кентінде бір мезетте 5 жерден жерден өрт шыққан. Сөйтіп, Нефтяников көшесінде 1 үй, 9 тонна шөп отқа оранса, Тәуелсіздік көшесіндегі №21/А үйдің аумағы 120 шаршыметрлік шаруашылық құрылысы, 1 тонна бидайы мен 15 тонна шөбі жанып кетті. Пионер көшесінде бір пәтердің қорасының шатыры жанып, 12,5 тонна шөбі өртенді.

1

Әлия Молдағұлова көшесінде де бір отбасының 100 шаршыметрлік қоражайына от тиіп, 9,6 тонна шөбі жоқ болды. Өрттің жойқын болғаны сондай, осы аулада тұрған бір бас сиырды да құтқару мүмкін болмапты. Бәрінен де көп зардап шеккен – Құрылысшы көшесіндегі қос отбасы. Олардың 80 шаршыметрлік қоражайы, 20 тонна мал азығымен бірге 7 шошқа, 12 күркетауық, 15 тауық жанып кеткен.

1

-Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі – қасақана өрт қоюдан болған. Қазір кінәлі адамды іздестіріп, шығынның мөлшерін есептеп жатырмыз, - дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғаныс майоры Қайрат Жұмағалиев.

Бір түнде бірнеше отбасын әбігерге салған тосын өрт таңғы 06.41-де оқшауланып, 08.38-де толық сөндірілген. Өртті сөндіруге 30 адам жеке құрам, 8 автокөлік қатысқан.

 

 

Батыс Қазақстан облысы