Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Елімізде түрмедегі әр адамға жылына 1,1 млн теңге бөлінеді

25 рет көрсетілді

Қазақстанда күнкөріс минимумы биыл 32 668 теңге болып бекітілген. Яғни, кез келген адам айына осындай ақшамен өмір сүре алады деген сөз. Ал сотталып, жазасын өтеп жатқан әр азаматқа жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оны 12 айға шаққанда 93 416,6 теңгеден келеді. Яғни, мемлекет қылмыс жасаған азаматты қамту үшін осынша ақша шығындайды. Сондықтан болар, колонияда отырғандардың 64 пайызы екі реттен көп сотталған, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан екі жыл бұрын әр сотталғанға жылына 876,9 мың теңге бөлінетін. Қазір шамамен 245 мыңға көтерілген. Ал елдегі күнкөріс минимумы екі жыл бұрын 29 146 теңге болған.

Сотталған бір адамға және тергеу-қамауға алынған адамға жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оның ішінде, сотталғанның тамағына 241 000 теңге, киім мен төсек-орын үшін 33 712 теңге жұмсалады. Сотталғандарға, күдікті және кінәлілерге бөлінетін шығындардың сомасына жеке құрамның 12 104 қызметшісін күту шығыны да кіреді.

Бір қарағанда сотталғандардың өмірі "керемет" болып көрінеді. Себебі киімі дайын, тамағы пісіп тұр. Басқа не керек? Дегенмен Қылмыстық-атқару жүйесі оларды жазасын өтегеннен бөлек, еңбек етуге, білім алуға, кәсіп меңгеріп, бостандыққа шыққан соң қалыпты өмірге бейімделуі үшін атсалысып жатыр.

Мәселен, қылмыстық-атқару жүйесінің энерго, жылу, сумен жабдықталуын, өндіріс-техникалық мақсаттағы (жұмыстар, тауарлар) және халық тұтынатын тауарларды шығару, сотталғандардың тамағын дайындау, азық-түлік әкелу сотталғандардың мойнына жүктелген.

"Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіппен де айналысады. ҚАЖ қызметкерлері үшін форма, мүлкі және сотталғандардың төсек-жабдығын тігеді. Металл және ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын шығарумен т.б. айналысады", - дейді ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Осыдан кейін көбіне қай жастағы азаматтар сотталады және олардың әлеуметтік портреті қандай деген заңды сауал туындайды. Олардың ішінде 20-40 жас аралығында (77 пайыз) үйленбеген ер адамдар 77 пайыз екен. Ал 95 пайызының жоғары білімі жоқ және 90 пайызы сотталғанға дейін жұмыс істемеген. Колония режиміне бағынбайтындар 63 пайыз болса, сотталғандардың 64 пайызы екі реттен артық колонияға оралған.

"Ауыр және аса ауыр қылмыс үшін сотталғандар 95 пайыз, зорлық-зомбылық мінез-құлқы бар 77 пайыз, қылмыстық топ, экстремистік және террористік ұйымдардың басшылары және қатысушылары - 7 (9) пайыз", - делінген ҚАЖ комитетінің ресми жауабында.

35 адам адам өлтіргені үшін, 13-і зорлық жасағаны үшін (7 адам - кәмелет жасына толмаған баланы қасақана зорлау, 6 адам - топпен зорлау) жазасын өтеп жатыр.

"Ал 62 сотталғанның (77 пайызы) төлем талабы бар, олардың тек 22-сі (35 пайызы) төлейді. Өтелуі тиіс талаптың жалпы сомасы - 590 миллион теңге. Төленген сома 56 миллион теңге (9 пайыз). 12 сотталғанға (15 пайыз) сот мәжбүрлі түрде алкоголизмнен, наркоманиядан емдеу туралы қаулы шығарған", дейді ведомстводағылар.

Қанша күтім болғанына қарамастан, сотталғандар да шағымданады. Себебі олардың да азаматтық құқы бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Поэманы суретпен бейнеледі

Аймақтар • Бүгін, 13:35

Еуропадағы антирекордтар

Әлем • Бүгін, 11:54

Өртте өлген мал саны нақтыланды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 11:12

Бір саты төмен сырғыдық

Спорт • Бүгін, 08:02

«Шахтёр» жігіттері жарады

Футбол • Бүгін, 08:00

Солердің сенімді жеңісі

Спорт • Бүгін, 07:58

«Мың күбі» мүсіні

Руханият • Бүгін, 07:56

Жер ырыздығы жерде қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Экономиканы өзгертетін бес бағыт

Экономика • Бүгін, 07:43

Жетімін жылатпаған ел едік...

Руханият • Бүгін, 07:37

Ақжайықта жол азабы азаяды

Қоғам • Бүгін, 07:34

Шексіздік формуласы

Әдебиет • Бүгін, 07:29

Кітапқа көшкен естеліктер

Әдебиет • Бүгін, 07:28

Ұқсас жаңалықтар