Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария еткені (жылыстатқаны) және пара беруге итермелегені үшін айыпталды.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Мамунов бұл ақшаны алып, 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа үкімді жеңілдету туралы келісімге уәде берді. Алайда Мамунов оған Қостанайдың бұрынғы әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаны Нұр-Сұлтанда екі Lexus автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер сатып алуға жұмсаған.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов "Руслан Мамунов кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз колонияда жазасын өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", деп үкім оқыды .