Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Атырауда ДАИШ-қа қосылғысы келген жігіт 6 жылға сотталды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы мамырда облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымның 32 жастағы жақтаушысын ұстаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Атырауда ДАИШ-қа қосылғысы келген жігіт 6 жылға сотталды

іздің қызметкерлер теріс діни ағымның өкілін синтетикалық есірткіні сатқан кезде қолға түсірді. Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу кезінде күдіктінің ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысып келгені анықталды. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, теріс діни ағым өкілінің мәлімдемелерінде қарулы жиһад түрінде терроризмді насихаттауға бағытталған белгілер болған", дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Оның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасауға ниет білдірген.

Сот күдіктіні ҚР Қылмыстық Кодекстің екі бабымен (Есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, терроризмді насихаттағаны үшін) кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.