Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Тарихи қаланың дамуы еліміз үшін маңызды – Бауыржан Байбек

20 рет көрсетілді

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Күні кеше Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында болып, бірқатар жаңа нысандарды аралады. Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі – тарихымыздағы айтулы оқиға.

Бұл біле білсек, тұтас түркі әлеміне көрсетілген құрмет, бабалар рухына тағзым. Елбасының өзі бір сөзінде Түркістан – түгел түркінің басты ордасы екенін тілге тиек етті. Бұл өңірдің туристік әлеуетін көтереді. Сонымен қатар осы жұмыстардың барлығы – әлеуметтік мәселелері шиеленіскен, халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірін түлетуге жасалып жатқан үлкен қадам.

Түркістанның тоғыз жолдың торабы ретінде де мүмкіндігі зор. Көршілес Өзбекстанмен жасасқан келісімге орай Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік орындарға бірлескен туристік маршрут ашылмақ. Соның нәтижесінде Түркістан тас жолмен, әуежаймен қамтылған, энергетикалық тұрғыдан дербес, газ құбырлары тартылған өңір болмақ. Осының барлығы тек қана тарихқа тағзым болып қана қоймай, жалпы өңірдің әлеуметтік мүмкіндіктерін өсіруге қолқабыс етеді.

Осылайша, барша түркінің басты ордасы, Қазақ хандығының рухани орталығы, ежелгі астанамыз – Түркістан түлеп жатыр. Ал, өз алдына республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент шаһары дамуға серпін алып қана қоймай, оңтүстік өңірде тағы да бір үлкен, әлемдік дәрежедегі орталық бой көтеруде. Бұл – Елбасының ерен еңбегі.

Жаңа мәртебе алғалы бері көне қала алып құрылыс алаңына айналды. Тарихи қаланың кескін-келбеті адам танымастай өзгеріп, еңсесі көтерілді. Елбасы сапар барысында жаңа нысандардың ашылу рәсімдеріне қатысты. Оның бірі – жылына 3 млн. жолаушы өткізуге қабілетті бірегей халықаралық әуежай.

Ірі нысандардың ішінде – 7000 орындық "Түркістан-Арена" стадионы, 1000 орындық "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залы, "Алатау медиа-орталығы", "Ұлы дала елі", Визит орталықтары, музейлер және театрлар бар. Шаһардағы барлық құрылыс Юнеско тарапынан Ясауи кесенесіне қойылатын талаптарға сай, яғни кесененің еңсесін түсірмейтіндей етіп салынуда.

Жалпы Түркістан өңірі қазіргі таңда түлеп жатыр. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел. Бұл кешегі Арыс оқиғасы кезінде де көрінді. Көктемде су басудан зардап шеккен Мақтаарал жағдайында да байқалды.

"Nur Otan" партиясы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарына #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында 600 млн. теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетті. Мақтарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде де, індет өршіген түста да барынша қол ұшын созды.

Пандемияның салдарынан орын алып жатқан дағдарысқа қарамастан, ежелгі қала – Түркістан қарыштап дамып жатыр. Бұл – береке-бірліктің арқасы", - деп жазды Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар

Тыңғылықты дайындық бар

Қоғам • Бүгін, 08:26

Тұтынушыларға тікелей сата алады

Экономика • Бүгін, 08:17

Аймақта діни ахуал тұрақты

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Сүйем сені, беу өмір!..

Руханият • Бүгін, 07:25

Құдықсай ауылы көмір тасып алды

Аймақтар • Бүгін, 07:24

Көпбалалы ананың кір сабыны

Экономика • Бүгін, 07:23

Махаббат сағызы

Руханият • Бүгін, 06:58

Алғаш рет әуеге көтерілді

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Өз еліңдей ел болмас

Руханият • Бүгін, 06:50

Ұқсас жаңалықтар