Әлем • 30 Қыркүйек, 2020

АИВ инфекциясын жеңген алғашқы адам қатерлі ісіктен көз жұмды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Американдық Тимоти Рэй Браун, 13 жыл бұрын АИТВ-инфекциясын емдей алған алғашқы адам, АҚШ-та қатерлі ісік ауруынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АИВ инфекциясын жеңген алғашқы адам қатерлі ісіктен көз жұмды

"Берлин пациенті" деген атпен танымал Браун 2007 жылы донорлық сүйек кемігін трансплантациялаудан өтеді. Трансплантация онкологиялық ауруды емдеу үшін жүргізілгенімен, емдеу барысында АИТВ инфекциясын жеңуге мүмкіндік туған. Содан бері Браунда АИТВ белгілері болған жоқ. Содан кейін, 2019 жылы лейкемиямен қайта ауыра бастаған. Жақында БАҚ хабарлағандай, Браун Калифорниядағы хосписте емделіпті.