Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2020

Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

242 рет көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 10:00

Ақтөбеде бала суға батып кетті

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар