Экология • 30 Қыркүйек, 2020

Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін

Зоология институтының бас директоры, ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Қазақстандағы Ұлттық комитетінің төрағасы Роман Ященко былай дейді: "Кеше Париждегі дипломаттарымыз "Көлсай көлдері" жобасын ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізу туралы өтінім бергенін хабарлағым келеді. Біздің өтінішімізге бағалау жүргізіледі және келесі жылдың маусым айында бұл мәселе шешімін табады деген ойдамын".

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінің басты міндеті – ерекше күтімді қажет ететін табиғи нысандарды қорғау. Сондай-ақ табиғи мұраларды танымал ете отырып, мәдени әрі экологиялық байланысын арттыру.

Айта кетейік, көлдер жүйесі Жоғарғы, Орта, Төменгі Көлсай көлдерін біріктіреді. Үшеуінің әрбірінде өзіне тән тылсым сыры, сипаттауға келмейтін, сөз жетпес сұлулығы бар. Сол тамашаның барлығын таныту мақсатында көлдерге апаратын түрлі жаяу жорықтар, атты экскурсиялар және серуендер жиі ұйымдастырылып тұрады.