Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Атырауда жеті жасар қыз анасының 45 мың теңгесін дүкеншіге беріп кеткен

3761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылқоға ауданында 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесін тәттілер үшін дүкеншіге беріп кеткені анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жеті жасар қыз анасының 45 мың теңгесін дүкеншіге беріп кеткен

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Миялы ауылының тұрғынынанаудандық полиция бөліміне 45 мың теңгесі жоғалғаны туралы арыз түскен.

"Арызданушының азаматшаның өтінішіне байланысты учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғаны туралы деректерді анықтауға кіріседі.

Шағым айтқан аазаматшаның кәмелетке толмаған 7 жастағы қызының дүкенге барып, молынан тәттілер алғанын анықтайды. Сөйтіп, анасының қатысуымен кішкентай қызбен сөйлеседі.

Полиция инспекторы қыздың көрсетуімен азық-түлік дүкенінің сатушысына болған оқиғаны түсіндіреді. Дүкеншінің айтуынша, кішкентай қыз бірнеше түрлі тәтті алып, қолындағы  45000 (қырық бес мың) теңгені беріп кеткен", деп хабарлады департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған ақшасын тауып берген учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаевқа риза болған аудан тұрғыны алғысын айтып, қызметіне сәттілік тіледі.