Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Е. Бабақұмаров: Қала тұрғындары ПТР зерттеулерінен өте алатынына сенімді болуы керек

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп, COVID-19-ға зерттеулер жүргізетін қала зертханаларының басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Е. Бабақұмаров: Қала тұрғындары ПТР зерттеулерінен өте алатынына сенімді болуы керек

Басты мақсат — зертханалардың коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындығын талқылау, қазіргі жағдайды бағалау және алдағы кезеңге реагенттер қорын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні мегаполис аумағында COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеру қуаты тәулігіне орташа 10 150 зерттеуді құрайтын 17 зертханада жүргізіледі. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап ПТР әдісімен 550 мың зерттеу жүргізілді. Болашақта зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің жалпы қуатын тәулігіне 20 000-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Айта кетейік, Алматыда коронавирусқа ПТР-зерттеулер жүргізетін 17 зертхана бар.

Модульдік зертхана;
- «Приват клиник Алматы» ЖШС;
Алматы қаласы бойынша «ҰСО» филиалы;
- «ОЛИМП» КДЗ ЖШС;
- Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы;
- 12 И. Жекенова атындағы ҚКЖАА;
«El Lab PCR» ЖШС;
- Педиатрия және балалар хирургиясы ҰО АҚ;
- «Аква Лаб» ЖШС;
- «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ МКК»;
- «Medical Partners Korea Qazaqstan»ЖШС;
- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы;
- «НұрЛаб-2030» ЖШС;
- «Innosol» ЖШС;
- «Иммунотест» ЖШС;
- «Гамма Лаб» ЖШС;
- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы «Биотехнология ұлттық ғылыми орталығы».

ПТР және ИФТ зерттеулер жүргізу қуатын одан әрі арттыру мүмкіндігі бойынша зертхана басшылары тыңдалды.

Ержан Бабақұмаров күзгі-қысқы кезеңде қажеттілік артқан жағдайда ПТР тестілеуін үздіксіз жүргізу үшін реагенттердің жеткілікті санын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен бірге, шетелден жолаушылар ағынының ықтимал өсуін ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайы аумағында жедел диагностиканы қамтамасыз етудің, келетін контингентті тексеру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Халықты ПТР-диагностикалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды. Бұған дейін мегаполис аумағында жұқтыру статистикасында қала маңындағы аймақтарда да ауру жағдайлары көрініс тапқаны айтылған болатын. Осылайша, ақпараттық жүйелерді интеграциялау тестіленетін қала тұрғындарын есепке алу тиімділігі мен сырқаттанушылық динамикасын арттырады.