«Тибет аруы» деп аталатын бұл кітапқа автордың таңдаулы шығармалары топтастырылған. Жиырма шақты туындының тақырыбы сан алуан. Оқырман ауыл баласымен бірге асық ойнап, атқа шауып, аңшы-саятшылармен салбурынға шығады. Сонымен қатар алмағайып заманда арғы бетке өтіп кеткен қазақтардың жай-күйі мен бүгінгі ұрпағының жан күйзелісін сезінеді. Жетісу күй мектебінің қос алыбы Байсерке мен Қожекенің қилы тағдырымен де танысады.
«Алматы-Болашақ» баспасынан 3000 данамен таралған кітап мемлекеттік бағдарлама аясында жарыққа шығып отыр. Жиырма баспа табақтан тұратын жинаққа автордың бұрын жарияланбаған жаңа әңгімелері де енген.