Абай • 01 Қазан, 2020

Міндетіміз – хакім Абайды ХХІІ ғасырға жеткізу

81 рет көрсетілді

«Хакім Абайдың идеялары – ХХІ ғасырда» тақырыбында өрбіген онлайн отырыста алыс-жақын шетелдердегі зиялы қауым өкілдері мен Абай мұрасын зерттеуші ғалымдар бас қосты.

Айта кетейік, «АКМЕ» халықаралық ағар­тушылар клубы 2017 жылы құрылып, күні бүгінге дейін ашық сұх­бат алаңына айналып келеді. Клуб мүше­лерінің алдына қойған мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялыларының ісін жал­ғас­тыру. Бүгінде алқалы жиындарға алыс-жақын шетелдердегі зиялы қауым өкіл­дері, ғалымдар, профессорлар өз ойларын біл­діріп жатыр. Жастар  да қалыс қалып жатқан жоқ.

Абай идеяларын, ойшыл мұрасын жастар арасында одан әрі дәріптеу мақсатында өткен шараға онлайн қатысқан Халықаралық Түркі ака­демиясының пре­зиденті Дархан Қыдырәлі «Абай мұрасының түркі елдерінде танылуы» туралы баяндама жасаса, Дүниежүзілік Ислам академиясының президенті Муниф Зоуби «Абай мұрасы және ислам өркениеті» тақырыбында ой қозғады.

– Абай – қазақ халқының ғана емес, тү­гел түркілердің, тамырлас, туыстас халық­тардың ортақ ақыны. 1934 жылы «Жас Түркістан» газетінде Мұстафа Шоқайдың әріп­тесі, профессор Тахир Шағатайдың Абай­ға байланысты «Түркістанның бас ақыны» атты мақаласы жарық көрген екен. Рас, өз дәуірінде Абай Түркістанның бас ақы­ны ретінде мойындалған, – дейді Халы­қаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ шараға арнайы келген Еуропа қазақтары федерациясы прези­денті (Швеция) Мұрат Ермиш «Абай мұ­расы және шетелдегі қандас бауырлар» тақырыбында ой өрбітті. Түркиядан тіке­лей эфирге шыққан профессор Гүл­жанат Ержуласун Абай мұрасының Түр­кияда, Хашатрян Шушан (Армения) Арме­нияда насихатталуын айтып, хакім шығармаларының шетел тілдеріндегі аудар­маларымен таныстырды.

Ал Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім «Абай – хакім», профессор Арап Еспенбетов «Абай мұра­сы жайлы», Абай инс­титутының директо­ры Жандос Әбубә­кір «Абай мұрасы және өр­кениет» тақы­рыбын қаузады. Ұлы ойшыл­дың шы­ғармашылығы мен қа­зақ мәдениетіне қосқан үлесін айтты.

Шара барысында Ясная Полянадағы Л.Толс­той музейінің бөлім меңгерушісі Ген­на­дий Опарин «Абай және Толс­той» тақырыбын қозғаса, Абайдың Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай музей­дегі атқарылған іс-шараларға тоқталды.

Сонымен қатар Шэньчжень уни­вер­­си­теті Зерттеу институтының ди­­­рек­торы (Қытай) про­фессор Тао Итао, Эко­­номика және менеджмент бо­йын­ша швей­цариялық қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры (Швей­цария) Доминик Джордан және Лешно қаласының Ян Амос Коменский  атын­дағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебінің профессоры (Поль­ша) Мачей Петшак Абайдың 175 жылдық мерей­тойымен құттықтады. 

Шара соңында Абайдың есімін, шығар­машылығын одан әрі дәріптеу шаралары талқыланып, мерейтойға арнайы кітаптар шығару туралы ұсыныстар айтылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлы даланың ұлағаты

Аймақтар • Бүгін, 12:23

Ұстаздың аты өлмейді

Білім • Бүгін, 10:30

Карапастың қарқыны күшті

Спорт • Бүгін, 10:29

«Каспий» көш бастады

Спорт • Бүгін, 10:27

«Жас дарын» байқауы өтті

Аймақтар • Бүгін, 08:58

Элитадағы орнын сақтап қалды

Хоккей • Бүгін, 08:55

Адалдық пен шындықты шырақ етті

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Ұқсас жаңалықтар