Қоғам • 01 Қазан, 2020

Кезекті смартфон арқылы брондай алады

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді ХҚКО-ға және Маман­дандырылған ХҚКО-ға кезекке тікелей eGovMobile қосым­шасында тапсырыс беруге немесе қайта брондауға болады. Бұл үшін ең жақын орналасқан ХҚКО/Мамандандырылған ХҚКО-ны және келуге ыңғайлы күн мен уақытты таңдау керек.­ Қызметті пайдалану үшін «Ар­найы қызметтер» бөлімінде «Кезекті онлайн брондауды» таң­дау қажет.

Кезекті смартфон арқылы брондай алады

«Ұлттық ақпараттық техно­логия­лар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ХҚКО-ға кезекті брондауды барынша жеңілдету аталған қыз­метті жүзеге асырудағы басты мақ­сат болды.

«Біз пайдаланушылары­мыз­дың компьютерге әрдайым кіруге мүмкіндігі болмайтынын және қосымша арқылы кезекке тұру ыңғайлы және жылдам екенін түсініп, қызметті қосымшаға шы­ға­ру туралы шешім қабылдадық», деді Ә.Тұрысов.

Сондай-ақ қосымшада бірне­ше қызметті таңдау мүмкін­дігі қарас­тырылған. Яғни қазақ­стан­дықтар бір рет бару үшін үш қызметке дейін ала алады. Егер азаматқа бірнеше қызмет алу керек болса, келу мақсатын таңдап, «Бірнеше қызметтер беру» тармағын белгілеу қажет. Содан кейін брондау кезінде оған көп уақыт бөлінеді. Бұдан басқа, қосымшада азаматтар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат бе­ру» жаңа қызметін пайдалана оты­рып, өздерінің әлеуметтік есеп­темелерін тексере алады. Анықтаманы бірнеше минут ішінде алуға болады. Ал «Құ­қық­тық көмек» бөлімінде «Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемле­кеттік мұрағатынан мұра­ғат­тық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың кө­шір­мелерін алу» қызметін таң­дап, мұрағаттан құжаттардың көшірмелерін алуға болады.

Қосымшада Электронды үкі­меттің 70-тен астам сұранысқа ие қызметі және цифрлы құжат­тардың 6 түрі іске асырылғанын атап өтеміз.

eGovMobile мобильді қосым­шасы GooglePlay және AppStore-да жүктеуге қолжетімді.