Саясат • 01 Қазан, 2020

Президент ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша заңға қол қойды

286 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Президент ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша заңға қол қойды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Респуб­ли­касының мына заңнамалық акті­леріне өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құ­жат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құ­жат; 2007 ж., №1, 4-құ­жат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құ­жат­тар; №16, 129-құ­жат; №17, 139-құ­жат; №18, 143-құ­жат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құ­жат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құ­жат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құ­жат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құ­жаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құ­жат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-І, 99, 101-құжаттар; №19-ІІ, 103-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 115, 117-құжаттар; №21-І, 124, 126-құжаттар; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат; №10, 79-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №4, 7-құжат; №12, 34-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №9, 27-құжат; №10, 32-құжат;

2019 ж., №1, 4-құжат; №2, 6-құжат; №7, 37, 39-құжаттар; №19-20, 86-құжат; №21-22, 90, 91-құжаттар; №23, 103, 108-құжаттар; №24-І, 119-құжат; 2020 ж., №10, 39, 48-құжаттар; №11, 54-құ­жат; №13, 67-құжат; 2020 жыл­ғы 30 маусымда «Егемен Қазақ­стан» және «Казахстанская правда» га­зеттерінде жарияланған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жыл­ғы 3 шілдеде «Егемен Қа­зақ­стан» және «Казахстанская правда» газет­терінде жарияланған «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интер­­нет­тің қолжетімділігін қамта­масыз ету мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен то­лықтырулар енгізу туралы» 2020 жыл­ғы 2 шіл­дедегі Қазақстан Республи­ка­сының Заңы):

1) 13-бапта:

3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) «Ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтар туралы» Қазақ­стан Рес­пу­б­­­ликасының Заңына сәй­кес ерекше қор­ғалатын табиғи ау­мақ­тар саласындағы уәкілетті орган­ның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тар жерін босалқы жерге ауысты­ру, сондай-ақ босалқы жерді қай­тадан ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыс­тыру;»;

мынадай мазмұндағы 3-2) тармақ­шамен толықтырылсын:

«3-2) «Ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтар туралы» Қазақ­стан Рес­пуб­­ликасының Заңында белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;»;

2) 138-бап мынадай маз­мұн­дағы екінші бөлікпен толық­тырылсын:

«Егер бұрын ерекше қор­ға­латын табиғи аумақтар жерінің құрамына кірген босалқы жер Қазақстан Респуб­ли­касының заң­намасына сәйкес жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, онда мұндай жер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыс­тырылады.»;

3) 171-бап мынадай мазмұндағы екін­ші және үшінші бөліктермен толық­тырылсын:

«Мемлекеттік бағдарламаларда немесе Қазақстан Республикасы мем­лекеттік жоспарлау жүйесінің құжат­тарында көзделген туризм объектілерін салу және олардың жұмыс істеуі мақса­тында жердің басқа санаттарына ауыс­ты­рылмаған бо­салқы жер мемле­кет­тік экологиялық са­рап­таманың оң қоры­тындысы болған кезде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойын­ша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның облыс­­­тың, республикалық маңызы бар қала­ның, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қор­ғалатын табиғи аумақ бойын­ша – ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тар саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша об­лыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқа­рушы органының шешімімен қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылады.

Босалқы жерді қайтадан ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар жері санаты­на ауыстыру «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жү­зеге асырылады.».

2. «Ерекше қорғалатын табиғи ау­­мақ­тар туралы» 2006 жылғы 7 шілде­дегі Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Заңы­на (Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Жаршысы, 2006 ж., №16, 96-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; 2008 ж., №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құ­ж­ат; №11, 102-құжат; №13, 114-құ­жат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құ­жат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., №23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., №3, 6-құ­жат; №12, 34-құжат; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; 2019 ж., №19-20, 86-құ­жат; 2020 ж., №13, 67-құжат):

1) 7-бапта:

4) тармақша тоғызыншы аб­за­цындағы «тізбесін бекіту;» деген сөздер «тізбесін;» деген сөз­бен ауыстырылып, мынадай маз­мұндағы оныншы абзацпен толық­тырылсын:

«осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;»;

6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тар­мағы­­ның екінші және үшінші бөлік­терінде бел­гіленген жағдайларда уәкі­летті орган­ның ұсынысы бойынша ерек­­ше қор­ғалатын табиғи аумақтар же­рін босал­қы жерге ауыстыру, сондай-ақ бо­­салқы жерді қайтадан ерекше қорға­ла­­тын табиғи аумақтар жеріне ауыс­тыру;»;

2) 8-баптың бірінші бөлігінде:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

мынадай мазмұндағы 4-2) тар­мақшамен толықтырылсын:

«4-2) осы Заңның 23-бабы 2-тар­мағының екінші және үшінші бөлік­терінде белгіленген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сон­дай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

16-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16-6) осы Заңның 23-бабы 2-тар­мағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыс­тыру тәртібін әзірлеу;»;

3) 10-баптың 2-тармағы мына­дай мазмұндағы 15-2) тармақ­шамен толықтырылсын:

«15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тар­ма­ғының үшінші бөлігінде белгі­лен­ген жағдайда уәкілетті орган ведомство­сының ұсынысы бойынша бо­салқы жерді қайтадан ерекше қорға­латын табиғи ау­мақ­тар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;»;

4) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толық­тырылсын:

«Осы Заңның 23-бабы 2-тар­мағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық не­гіз­де­мелер жобаларын әзірлеу талап етіл­мейді.»;

5) 23-баптың 2-тармағы мы­на­дай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толық­ты­рылсын:

«Бұл ретте ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтардың босалқы жерге ауыс­тырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті орган ведомствосының ұсы­нысы бойынша облыстың, респуб­лика­­лық маңызы бар қаланың, аста­на­ның жергілікті атқарушы органының ш­еші­мі болған кезде жүзеге асырылады.

Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;

6) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақ­шасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«көрсетілетін көлік қызмет­терін, сондай-ақ жегілген малды және мі­ніс малын уақытша ие­ленуге және пай­далануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет­терді ұсыну;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жа­рияланған күнінен кейін күн­тізбелік он күн өткен соң қол­данысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 қыркүйек

№ 362-VI ҚРЗ