Қоғам • 01 Қазан, 2020

Қыстан қысылмау үшін

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда биылғы жылу беру маусымына дайын­дық қарқын алды. Өңір­де жылу беру маусымына 6,3 млрд теңге бөлін­ген. Оның 3,6 млрд тең­гесі жергілікті бюджеттен, ал 2,7 млрд теңге кә­сіпорындар есебінен қарастырылып отыр. Бұл туралы Облыстық энер­­гетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы басқармасының басшысы Бауыржан Тұх­фатов мәлімдеді.

Қыстан қысылмау үшін

 

– Көпқабатты тұрғын үй­лер­дің 98 пайызы, білім беру мен медицина саласының нысандары толықтай гидрав­ликалық сынақтан өтті. Бұ­ған қоса ұзындығы 19,6 ша­қырымға созылған жылу, 782,8 шақырым болатын электр, 3,08 шақырымдық су, кәріз желілері, сондай-ақ 20 шақырымға жуық жылу же­лісі түгелдей жөндеуден өтті. Атырау қаласының Нұр­­­­сая шағын ауданындағы диа­­метрі 425 мм-лік жалпы ұзындығы 3 045 метрді құ­райтын магистралды жылу құ­бырына жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Индер ауданындағы 7 жылыту қазандығы толығымен жаңасына ауыстырылды, – деді Бауыржан Тұхфатов.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметіне сүйенсек, 147 ме­дициналық мекеме бар. Оның 41-і облыс орталығында, қал­ғаны аудандарда орна­ласқан. Бұл нысандардың бәрі жылу беру маусымына то­лықтай да­­йын. Бірақ екі нысанда, нақ­ты­рақ айтқанда Махамбет аудан­дық ауруханасы мен «Бірлік» дәрігерлік амбулаториясында жылу жөндеу жұмыс­тары аяқ­талғаннан кейін берілгелі отыр.

Сондай-ақ 408 білім бе­ру ошағында жылу беруге дайындық жасалғанымен, бес нысанда күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүріп жатыр. Об­лыстық білім басқармасы­ның басшысы Сатқан Есен­ға­лиев бұл жұмыс білім беру ұйымдарымен жасал­ған келі­сім­шарттарға сәй­кес аяқ­та­латынына сендіріп отыр.

Алайда облыс әкімі Махам­бет Досмұхамбетов аталған ба­ғытта шешімін таппаған мәсе­лелердің барына назар аударды. Өйткені тұралап қалған жұ­мыс­тарды қайта жандандыру керек.

– Облыста көпқабатты тұр­ғын үйлерге жылыту қазан­дықтарын орнатуда талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар кез­деседі. Осыған нақты талдау жүргізілуі қажет. Сонымен қа­тар аймақта табиғи газ тұ­ты­нуға байланысты 15 млн теңге көлемінде дебиторлық берешек бар. Оны өтеу үшін нақ­ты жоспар жасалуы тиіс. Аты­рау қаласындағы 31,5 ша­қырым иесіз жылу желісі мен «Балықшы», «Береке», «Нұр­сая» шағын аудандарын теңгерімге беру жұмыстары ұйымдастырылуы керек. Өйт­кені жылу маусымы кезін­де ешқандай мәселе туындамай, тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуіміз керек. Бұл – біздің басты міндетіміз, – деді
М.Досмұхамбетов.

 

Атырау облысы