Экономика • 01 Қазан, 2020

Токио қор биржасы жұмысын тоқтатты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио қор биржасы жүйенің істен шығуына байланысты сауда-саттықты бүгін кешке дейін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Токио қор биржасы жұмысын тоқтатты

Биржадағы сауда күні басталғаннан кейін бірден тоқтатылды. Жапонияның жетекші 225 компаниясының акцияларына баға белгілейтін Nikkei индексі, сондай-ақ беделді бірінші бөлімдегі компаниялардың акцияларының бағаларын көрсететін Topix индексі акциялар бағаларын дұрыс көрсете алмаған. 

Токиодағы сауданың тоқтатылуының әсерінен Нагоядағы, Фукуокадағы және Саппородағы биржалар да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен бірге фьючерстік сауда-саттыққа негізделген Осака қор биржасы штаттық режимде жұмыс істейді.

Fujitsu акцияларын сату жүйесін жасаушы NHK телеарнасына компания мәселені шешіп жатқанын, бірақ оның себептері туралы түсінік бере алмайтынын айтты. Әзірге жүйені қалпына келтірудің мүмкін болатын уақыты туралы болжам жоқ.