Тағайындау • 01 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Реформалар агенттігі басшысының орынбасарларын тағайындады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне тағайындаулар жасады. Олар Аркен Өтенов пен Жаслан Мәдиев, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы Реформалар агенттігі басшысының орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының Өкімімен:

Аркен Хамитұлы Утенов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ол Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Мәдиев Жаслан Хасенұлы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.