Технология • 01 Қазан, 2020

Telegram-да пікір қалдыратын функция пайда болды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram мессенджерінде пікір қалдыратын функция пайда болды. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Telegram-каналында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Telegram-да пікір қалдыратын функция пайда болды

Қолданушылар оны қосымша жаңартылғаннан кейін қолдана алады. Оның айтуынша, пікір қалдыратын жер топтық чатқа ұқсас болады, яғни барлық пікір белгілі бір арнаға тіркеледі.

Сонымен бірге комментаторлар дауыстық хабарламалар немесе GIF сурерттер қалдыра алады.