Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 9 жастағы отандасымыз Түркия аумағында жерленген.
"Қайтыс болған баланың ата-анасы консулдыққа жүгінбеді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, олар ұлын Түркия аумағында жерледі. Қазір автокөлік жүргізуші ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр", деп түсіндірді ведомства өкілі.
Әзірге басқа да ақпараттар хабарланған жоқ.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Түркияның Аланья қаласында қайғылы оқиға орын алып, 9 жастағы баланы автокөлік қағып кетті.