"Ол адамдарды үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірген. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болады. Кейбір әлеуетті клиенттер бірден бірнеше объектілерді алуға үміттеніп, ақша берген. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңге, тағы бір аңғал азамат 386 мың АҚШ долларын тапсырған", деді Алматы қалалық қылмыстық полиция департаментінің бастығы Еркін Іңкәров.
Департамент бастығы ер адамның жәбірленушілер алдында ешқандай міндеттемелерді орындамағанын және ойлаған жоқ деп атап өтті. Күдікті өзіне екі пәтер, автокөлік сатып алып, шетелге ұшып кетіпті.
"Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қалалық ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі - ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті болып отыр", деп қосты полковник Іңкәров.
Бүгінде келтірілген материалдық шығын мөлшері шамамен миллион долларға жуық.
"Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102 телефондары арқылы байланысуды сұраймыз", делінген хабарламада.