Қазан айына арналған мөлшерлемелермен салыстырғанда шекті мөлшерлемелерге қатысты өзгерістер ұзақ мерзімді депозиттер бойынша орын алды. Бұл мөлшерлемелер нарықтағы өзерістерге байланысты есептеледі, яғни олардың жоғарылуын немесе төмендеуін банк секторы қалыптастырады.
Сонымен 12 және 24 айға шақталған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі нәтижесінде олар бойынша шекті мөлшерлемелер сәйкесінше 0,4 және 0,1 пайыздық тармаққа азайды. Төмендеуге қатысты бұл үрдіс банктердің дәл осы депозиттерге деген қызығушылығының төмендігін көрсетеді. Өйткені жинақ депозиттермен салыстырғанда олардың ұтқырлығы жоғары.
Бұл ретте пайыздық маржаның карантиндік шаралардың әсерінен орын алған экономикалық құлдыраудыңсебебінен ықтималды төмендегенін ескерер болсақ, 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің 0,3 пайыздық тармаққа төмендеуі банктердің қор жинауда сақтанымпаздық саясатқа көшкендігін білдіреді.
Ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейінде қалды.
|
Толықтырылаптын депозиттер бойынша, % |
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % |
||
2020 Қазан |
2020 Қараша |
2020 Қазан |
2020 Қараша |
|
Мерзімсіз депозиттер |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
Мерзімді депозиттер |
||||
3 ай |
9,0 |
9,0 |
9,5 |
9,5 |
6 ай |
9,0 |
9,0 |
9,5 |
9,5 |
12 ай |
10,7 |
10,3▼ |
11,1 |
10,7▼ |
24 ай |
9,3 |
9,2▼ |
9,6 |
9,5▼ |
Жинақ депозиттер |
||||
3 ай |
10,0 |
10,0 |
10,5 |
10,5 |
6 ай |
10,0 |
10,0 |
10,5 |
10,5 |
12 ай |
12,3 |
12,3 |
14,0 |
14,0 |
24 ай |
12,0 |
11,7▼ |
13,5 |
13,2▼ |