08 Қараша, 2013

Маңызды іс

237 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Парламент депутаттарының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Көлік және коммуникация­лар, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінің, Бас прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелерінің қатысуымен болып өткен Бас прокуратураның алқа мәжілісінде мүгедектердің және қарт­тар үйлеріндегі адам­дардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Кеше Парламент депутаттарының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Көлік және коммуникация­лар, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінің, Бас прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелерінің қатысуымен болып өткен Бас прокуратураның алқа мәжілісінде мүгедектердің және қарт­тар үйлеріндегі адам­дардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 610 мыңға жуық отандас­та­­­рымыз мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылады. Мү­­ге­­дектердің қоғам өміріне то­лық­қанды араласуы үшін ең алды­мен оларға деген көзқарасты өзгер­ту қажет. Сондықтан, осындай адамдардың әлеуметтік ортаға қо­сылуы үшін жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаты болып табылады.

Бас Прокурор Асхат Дауыл­баев атап өткендей, соңғы жылдары ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамта­масыз ету мәселелерін шешу бойынша мемлекет едәуір жұмыс атқарды. Оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бюджеттік қаржыландыру жыл сайын арттырылуда. Кейінгі үш жылда ғана осы мақсаттардағы шығындар шамамен 20 млрд. теңгені құраған. Қазақстан Мүгедектердің құ­қықтары туралы конвенцияға қосылды. Президенттің тапсырмалары бойынша 2009 жылы осы санаттағы азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер енгізіле отырып әлеуметтік қызмет ету жүйесін реформалау басталды.

Алайда, қабылдан­ған ша­ра­ларға қарамастан мүге­дектердің және қарттар үйлеріндегі адам­дардың құқықтарын қорғау мә­селесінде әлі де кемшіліктер аз емес. Прокурорлар ашқан заң­ды­лықтың өрескел бұзылуының фактілері, қарттар мен мүгедек­тер­ге әлеуметтік қызмет көрсе­тетін адамдардың тарапынан көр­се­тілген адамгершілікке жатпай­тын, кейде, тіпті, шектен шыға­­­тын қарым-қатынас осыны көрсетеді.

Бюджет қаражатын ұрлау және тиімсіз пайдалану, тұрғын үй және еңбек құқықтарын, медициналық көмекке деген құ­қықтарын сақтамау, оңалтудың жеке адамдарға бағдарланған бағдарламаларының жоқтығы және олардың орындалмауы, мүгедектерге тиісінше күтім жасамау, оларға қол жұмсау фактілері анықталды. Жүйелі түрде жіберілген кемшіліктердің салдарынан жұмысқа қабілетті 425 мың мүгедектің 15 пайызы ғана жұмысқа орналастырылған.

Барлық анықталған фактілер бойынша ықпал ету шаралары қабылданып, нәтижесінде 7,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары қорғалды. Тексерулердің қорытындыларына сәйкес заңдылықты бұзуды жоюға бағытталған 181 ұсыныс енгізілген. Ол бойынша 126 лауа­зымды тұлға тәртіптік жауап­кершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі сыбайлас жемқорлық баптары бойынша жазаланды. 87 қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Мемлекетке қаржылай залал келтірген 23 адам төрт мил­лионнан астам теңгенің ор­нын тол­тырса, оның 3 миллионы мү­­­гедектердің пайдасына ше­шіл­ді.

Талқылау қорытындысы бо­йын­ша Бас прокуратура анық­­талған заңдылықтың бұзы­­луын жою, мүгедектерді қорғау­ды қам­тамасыз етуге бағыт­тал­ған ұйым­дас­­­тырушылық-прак­­тика­лық ша­­­­­­ралар кешенін ұсын­ды. Мүм­кіндіктері шектеулі адам­дардың инфрақұрылым объек­тілеріне кіріп-шығу мәселесін шешу ма­ңызды міндеттердің бірі ре­тінде белгіленді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарда жұмыс орындарын квоталауды неғұрлым тиімді пайдалану, жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа белсендірек тарта түсетіндей жағдай жасау ұсынылды.

Ұсынылған шараларды жина­лысқа қатысушы Парламент депу­таттары, Бас прокуратура жа­нындағы қоғамдық кеңестің мүшелері белсенді түрде қолдап, келісілген және мүдделі әрекеттер ғана мүмкіндігі шектеулі адам­дардың проблемаларының тиімді шешілуіне, мүгедектердің әлеу­меттік жағынан қорғалуына және олардың қоғам өміріне толық­қанды араласуына мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Алқа мәжілісінің қоры­тын­дысы бойынша Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.

«Егемен-ақпарат».