Экономика • 02 Қазан, 2020

Шойын жолда жүк тасымалы артты

184 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жақында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «Қытай темір жолдары» директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфудың бейнеконференция форматындағы жүздесуінде екі ел арасындағы темір жолда жүк тасымалының оң қарқын көрсетіп отырғаны айтылды. Қазақстан мен ҚХР темір жол басшылары Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өтпелері арқылы тасымал көлемін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отырғанына тоқталды.

Шойын жолда жүк тасымалы артты

2020 жылғы 30 қыркүйекте қазақ­стандық БАҚ үшін KTZE-Khorgos Gate­way Құрғақ портына және Алтынкөл шека­ралық темір жол стансасында баспа­сөз туры өтті. Турға қатысушыларға Қазақ­­­стан – Қытай шекарасында жүк ағын­дарын жедел өткізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрған заманауи инфрақұрылым таныстырылды. KTZ Express АҚ мультимодальдық ком­паниясы операторы болып отырған KTZE-Khorgos Gateway логисти­калық хабы – Қазақстан мен Қытай шекара­сындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аума­ғында стратегиялық тиімді жерде орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі құрғақ порт саналады.

Құрғақ порт аумағында жалпы ауда­ны 102,8 гектар жоғары класты логис­тикалық сервисті қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 24 шақырым темір жол жолдары, контейнерлерді, басты жүктерді, автомобильдер мен жабдық­тарды қайта тиеу бойынша тиеу/түсіру жұмыстарына арналған контей­нерлік терминалда 6 кірме жол, біржолғы сақтауға арналған 18 мыңнан астам мамандандырылған контейнерлік алаң орналасқан. Онда 2 уақытша сақтау қоймасы, жалпы ауданы 10 мың шаршы метр, 1400 шаршы метр техниканы, оның ішінде рефрежираторлық контейнерлерді жөндеу және қызмет көрсету шеберханасы, сондай-ақ автомобильдерді тар және кең жолтабандармен түсіруге арналған аппарелдер бар.

Құрғақ порт Алтынкөл стансасындағы ең қуатты терминал саналады. Бұл қазіргі заманғы қайта тиеу техникасымен, вагондар мен контейнерлерді есепке алудың жаңа автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған және Қазақстан – Қытай шекарасы арқылы өтетін жүктерді өңдеу, сақтау және ауыстырып тиеу саласында қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

KTZ Express АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Нұрлан Игембаевтың айтуынша, Қытайдан Еуропаға, Ресейге және Орталық Азияға баратын маршруттар дәстүрлі түрде Қазақстан аумағы арқылы өтетін ең сұранысқа ие бағдарлар.

«2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымалдау көлемі 306,6 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы осы кезең көлемдерімен салыстырғанда 62%-ға өсті; Қытай – Орталық Азия-Қытай бағыты бойынша өсім 29%-ды немесе 149,2 мың ЖФЭ құрады; есепті кезеңде Қытайдан Ресейге 31,2 мың ЖФЭ тасымалданды, өсім өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 47%-ды құрады. Егер Алтынкөл стансасы мен Құрғақ порт арқылы тасымалданатын жүктердің номенклатурасы туралы айтатын болсақ, бұл – халық тұтынатын тауарлар, металдар, химикаттар және габаритті емес жүктер, мысалы, биыл қыркүйек айында KTZE-Khorgos Gateway Құрғақ портының тиеу терминалын іске қосу арқылы Қытайдан Түрікменстанға 300 габаритті емес техника – John Deere ауыл шаруашылығы комбайндары жіберілді. Айта кетелік, John Deere компаниясы 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын тасымалдауға бізге сенім білдіреді. Ынтымақтастықтың үш жылы ішінде 1 474 комбайнды тасымалдадық. Ал Алтынкөл стансасы арқылы биыл бірқатар жаңа контейнерлік маршруттарды іске қостық. Бұл Цзиньхуа (ҚХР) – Баку (Әзербайжан), Сиань (ҚХР) – Измир (Түркия) Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Чэнсян (ҚХР) – Жодино (Беларусь), Цзинань Нань (ҚХР) – Қыпшақ (Түрікменстан), Түркменбашы (Түрікменстан) – Циндао (ҚХР), сондай – ақ Алтынкөл – Мәскеу түйіні стансасының тұрақты контейнерлік сервисі», деді Н.Игембаев.

Оның айтуынша, KTZ Express АҚ компаниясы бүгінгі таңда ең қолайлы тарифтік шарттарды жасап, Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттағы жүктердің жылдамдығы мен сақталуының толық параметрлерін ұсынып отыр. Ұзындығы 3128 шақырымды құрайтын Алтынкөлден Ақтау портына дейінгі учаскені контейнерлер үш тәулік ішінде өтеді, ал 2019 жылғы 16 сәуірден бастап «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының фидерлік кемесі апта сайын Баку портына 210-ға жуық контейнер жеткізеді, сол жерден жүктер темір жол арқылы Грузия мен Түркияға жөнелтіледі. Мысалы, қытайлық Сианнан Түркияның Ыстанбұлына дейінгі сапардың жалпы уақыты 16 күнді алады», деп қосты ол.

Алтынкөл бекетіне сапар барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алматы бөлімшесі ЖТ» филиалының Алтынкөл стансасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Құрманәліұлы Жетіген – Мемлекеттік шекара учаскесінде орналасқан кластан тыс жүк стансасының жұмысы туралы әңгімеледі.

«Бұл 2012 жылы ашылған екінші Қазақстан – Қытай темір жол өткелі. Станса арқылы Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азияға, Кавказға жүк ағыны өтеді. 2020 жылдың 8 айында станса арқылы барлық санитарлық-эпидемиялық нормаларға сәйкес 1 551 контейнерлік пойыз өтті, бұл 2019 жылмен (736 контейнерлік по­йыз) салыстырғанда 110,7% артық. Осы кезеңде тар жол бойынша 2600-ден астам жүк пойызы, кең жол бойынша 3500-ден астам пойыз қабылданды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 55%-ды құрады. Кең жол бойынша 3500-ден астам пойыз жөнелтілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 49%-ға жоғары. Қаңтар-тамыз айларында жүк айналымы 4 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға жоғары», деді Н.Құрманалиұлы.