Қоғам • 02 Қазан, 2020

«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйе­­­сі­­нің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шотфактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бек­і­ту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі­нің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қар­­жы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығы­­на толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика­сы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №862 бұй­рығымен «Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді.

«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді

Аталған бұйрық электрон­ды шот-фактура­ларды жазып беру арқылы Виртуалды қоймамен жұмыс істеудің қолданыстағы тетігін қол­дануға негізделген және ха­лықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ алтын/құрамында алтыны бар кенді өндіруді бақылауды күшейту және оның көлеңкелі айналымын азайту жөніндегі Жол картасын іске асыру мақ­сатында дәрі-дәрмектер айналы­мы­ның, баға белгілеудің мем­ле­кет­тік мониторингін қам­та­масыз ету үшін әзірленген.

«Виртуалды қойма» модулі тауарларының тіз­бесі­не дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауар­лар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.

Жоғарыда аталған тауар топтары үшін «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2020 жылғы 1 қазаннан басталады. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2020 жылғы 17 қыркүйекте бұйрық ҚР НҚА эталонды бақылау банкінде электронды түрде ресми жарияланды. 2020 жылғы 28 қыркүйекте бұйрық күшіне енеді.

«Виртуалды қойма» мо­дулі арқылы ЭШФ жазып беру ЭШФ АЖ порталын­да тегін ұсынылады. «Вир­туалды қойма» модулі арқы­лы ЭШФ жазып беру бойын­ша техникалық функционал, ЭШФ АЖ-мен жұмыс іс­теу кезінде қадамдық іс-қи­­мыл­дар келтірілген Пай­да­ла­ну­шы нұсқаулығы, сон­дай-ақ техникалық құжат­тар Мем­лекеттік кірістер коми­теті сайтының «ЭШФ АЖ» бөлі­мінде орналастырылған. Бұл туралы аталған коми­тет­тің баспасөз қызметі хабарлады.