08 Қараша, 2013

Әбдік әлеміне саяхат

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенттері Назарбаев орталы­ғында көрнекті белгілі жазушы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдікпен кездесті.

 

«Астана» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенттері Назарбаев орталы­ғында көрнекті белгілі жазушы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдікпен кездесті.

Аталған шараға жиналған ұстаздар мен студенттер жазушы шығармашылығы төңірегінде сөз қозғады. Алдымен сөз алған филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Боранбаева өз шәкірттерінің жазушы шы­ғармаларымен жақ­сы таныс екенін атап көр­сетсе, З.Дәулетова «Әке» повесіндегі замана көріністерін, ал Ә.Жұ­маділлаев «Ақиқат» шы­ғар­масын сөз етті. Бұл күні қалам­гердің басқа да шығар­малары төңірегінде келелі ой қозғалды.

Өз кезегінде жазушы да оқырмандарымен ой бөлісті. Ол өзінің социа­листік әдебиетке көңілі тол­ма­ғандығын, өйткені, шындық әрқашанда тасада қала бергендігін айта келіп, сондай бұқпантайлық 1937 жылдары асылдарымыздың атылып кетуіне әкеліп соқ­тырғанын қынжыла жеткізді.

Өзінің айтуынша, Тө­лен ағамыз жоғары оқу орны­ның екінші курсында оқып жүргенде тырнақалды еңбек­терін жариялай бастапты. Ал алғашқы жинағы төртінші курста оқып жүр­генде жарық көріпті. Жазушы о баста поэзияға жақын болған, бірақ, уақыт өте келе біржола прозаға ауысады.

Кездесу барысында қазіргі кезде Алматыда сахналанып жүрген «Біз үшеу едік» пьесасы туралы да сөз қозғалды.

 

Назым ИСАҚ,

«Астана» университетінің

2-ші курс студенті.