08 Қараша, 2013

Күзгі шақыру

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IMG 3824Қорғаныс министрлігі әскер қатарына алу науқанын жалғастыруда

Алматыда әскери қызметке ша­қы­рылушы жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. «Әскер қатарына ша­қырылушы күні» әскери-патриоттық іс-шарасын Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қала әкім­ді­гімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция аясында осы күні Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери қызмет атқару үшін 35 жас жіберілді. Осы күзгі әскер қатарына шақыру науқанында қала Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 600-ге жуық жігітті әскерге жөнелтеді.

 Қорғаныс министрлігі әскер қатарына алу науқанын жалғастыруда

Алматыда әскери қызметке ша­қы­рылушы жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. «Әскер қатарына ша­қырылушы күні» әскери-патриоттық іс-шарасын Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қала әкім­ді­гімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция аясында осы күні Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери қызмет атқару үшін 35 жас жіберілді. Осы күзгі әскер қатарына шақыру науқанында қала Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 600-ге жуық жігітті әскерге жөнелтеді.

IMG 3824

IMG 3936

IMG 3971

Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштер мен ауған соғы­­­­сының арда­герлері, әскер қатарына шақы­ры­лушы жас­тардың туған-туыстары, әскер қата­рына шақырылу жасына дейінгі жастар, қала тұр­ғындары қатысты. 28 панфиловшы­лар сая­ба­­ғында өткен іс-шарада әскери қыз­мет­ші­лер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар әскери-патриоттық тәрбие мәселесін жандандыруға ықпал етіп, әскери қызметтің беделін арттырады, сондай-ақ, жастардың Отан қорғауға дайындығын қалыптастырады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар