Елорда • 02 Қазан, 2020

"Астана LRT" ісі сотқа жіберілді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі мен "Астана LRT" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс сотқа өткізілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Астана LRT" ісі сотқа жіберілді

"Агенттік жеңіл рельсті жобаны іске асыру кезінде 5,8 миллиард теңгені ұрлау фактісі бойынша елорда әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Жеті адам сотқа тартылды", дейді Биғайдаров.

Ол кінәлілердің жазасы туралы соңғы шешімді сот анықтайтынын атап өтті. Айта кетерлігі, тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмеді.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет LRT-нің бірінші кезеңін салу кезінде ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын да хабарлаған. Тергеу барысында миллиардтаған доллар жымқыру схемалары анықталған еді. Құзырлы органдардың мәліметінше аталмыш іске елорда әкімдігі, "Астана LRT" компаниясының шенеуніктері және жеке компаниялардың директорларының қатысы бар болып шыққан болатын.

Іздеудегілер тізіміне елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан және мердігерлік ұйым жетекшілерінің бірі Абдухамитов енгізілді.

Ал осыған дейін қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовтің қамауға алынғаны туралы хабарланған.

Еске салайық, тергеу мәліметтері бойынша қылмыстық схеманы Астана қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының басшысы Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың қатысуымен ұйымдастырған.