Қазақстан • 02 Қазан, 2020

Қай аймақтың әкімі салық төлемей жүрген?

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі желідегі жер мен мүлікке "салық төлеуді ұмытып кеткен"  әкімдердің тізіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қай аймақтың әкімі салық төлемей жүрген?

Осыған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мемлекетке қарыз екендігі туралы ақпарат PROTENGE Telegram каналында пайда болған еді.

Дегенмен, аталған әкімдердің баспасөз қызметі бұл жайды жоққа шығарып отыр.

Мәселен, Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеевтің қарызы жоқ екендігі айтылды. Баспасөз қызметіндегілер мүмкін бұл сайттың техникалық қателігі шығар, деген тұжырым жасады. Шымкент әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтса, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың салықты уақытында төлегені мәлім болды. 

Сәйкесінше, ҚР Қаржы министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берді. Олардың айтуынша, әкімдер мерзімінің соңғы күні салықты төлеп үлгерген.

"Бізде техникалық қате болған жоқ. Олар кеше төледі, ал қаражат олардың жеке шоттарынан түсті", деп хабарлады министрлік.