08 Қараша, 2013

«Жемқорлық жоқ дегенге кім сенеді?»

256 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің үстіміздегі жылғы 31 қазандағы нөмірінде жарияланған «Жемқорлық жоқ дегенге кім сенеді?» атты мақалаға орай төмендегі жайларды хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің үстіміздегі жылғы 31 қазандағы нөмірінде жарияланған «Жемқорлық жоқ дегенге кім сенеді?» атты мақалаға орай төмендегі жайларды хабарлайды.

Тәртіптік кеңеске биылғы жыл­дың 6 тамызында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру барысында «Сыбайлас жем­қор­­­лыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12-бабы 1-тармағы 10-тар­мақшасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жібергені үшін Петропавл қаласы прокурорының тұрғын үй комиссиясына шара қолдану туралы ұсынысы түсті. Оны кеңес отырысына дайындау барысында прокуратураның облыс және қала әкімдіктері атына да ұсыныстар жолдағаны белгілі болды. Осыған сәйкес, қала тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi сектор меңгерушісі мен инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тар­тыл­ған. Ал тәртіптік кеңес хат­шы­­лығы ұсынысқа сәйкес тек­серіс жүргізіп, нәтижесінде қыз­мет­­т­ерінде жіберілген сыбайлас жем­қор­лыққа жағдай туғыза­тын құқық бұзушылық деректері бол­ған тұрғын үй комиссиясы мүше­ле­­­рі­не қатыс­ты тәртіптік іс қозғады. Кеңес отыры­сына дейін оның мү­шеле­ріне алдын ала зерделеу үшін тәртіп­тік істер құжаттарының кө­шірме­­­лері жіберілді.

Прокурордың ұсынысында көрсетілген деректерді талқылау барысында тәртіптік кеңес мүшелерінің пікірлері екіге жарылды. Атап айтқанда, кеңес төрағасы мен кеңес мүшесі «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы­­­­­­­­лықтар бар деп есептеп, оларды жем­қорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартуды ұсынды. Қалған кеңес мүшелері ұсыныста көрсетілген дәлелдердің 2006-2008 жылдарғы облыстық прокуратураның актілеріне қайшы келетініне назар аударды. Ол актілерге сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж тұлғаларға тұрғын үй ұсынудан бас тарту (нормативтерге сәйкес кел­мейтін) заңсыз болып табылады, отба­сының басқа мүшелерінің ортақ мен­шік құқығындағы тұрғын үйі бар тұлға­лар тұрғын үйлері жоқ деп танылады және есептен шығаруға жатпайды. Сондықтан, кеңес мүшелерінің басым көпшілігі прокурордың ұсы­ны­сында көрсетілген тұрғын үй ко­мис­сиясы бір адамға екінші рет үй бер­ді деген айыпты негізсіз деп тап­ты.

Бұдан басқа, кеңес мүшелері тұрғын үй комиссиялары туралы Үлгілік ережеде мүліктің бар-жоқтығы туралы сұрауды жалпы республикалық деңгейде анықтау қажеттілігі тікелей көрсетілмегеніне назар аударып, ұсыныста аталған кемшіліктер тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің іс-әрекеттерінен емес, құжаттарды дайындаған мамандардың кінәсінен жіберілген деген пікірге тоқталды. Сонымен қатар, істі қарау барысында қала прокуроры кеңес мүшелерінің сұрағына тұрғын үй комиссиясымен азаматтарға тұрғын үй ұсынғанда кезектіліктің бұзылмағаны туралы түсініктеме берді. Нәтижесінде, тәртіптік кеңес төрағасы және кеңес мүшесі «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры тұрғын үй комиссиясы әрекетінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бар деп есептеп, тиісті жауапкершілікке тарту қажет деп дауыс берді. Ал қалған тәртіптік кеңес мүшелері тұрғын үй комиссия мүшелерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығы жөнінде қорытынды жасап, тәртіптік істі тоқтату қажет деп дауыс берді.

Отырыс қорытындысы бойын­ша, Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің Солтүстік Қазақстан об­лы­сы бойынша департаменті Құ­ры­лыс және тұрғын үй-комму­­налдық ша­руашылық істері агент­тігіне жалпы республика аумағы бойынша жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы сұрауды жолдауды комиссия міндеттеріне қосу жөнінде тұрғын үй Үлгілік ережесіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдады.

Мұрат ҚАДЫРБЕК,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы

бойын­ша аумақтық департаментінің

басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы.