Саясат • 05 Қазан, 2020

«Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтады

940 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Жоғарғы сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.

«Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтады

Бұл «кабинет» – сот құры­лымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақ­сатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өті­ніш беруге, мемлекеттік баж салы­ғын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісі­не қатысты барлық құжатты қада­ғалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүм­кіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік плат­формасындағы «Сот каби­не­ті» мобильдік қосымшасы –  IOS, Android  және Windows Phone мобильдік қосымшасы сер­вис­терінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобиль­дік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзі­нің ЖСН және ұялы теле­фон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нө­ме­ріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Сонымен қатар осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көр­сету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қо­сым­шасының пайдаланушы нұс­қаулығы және «Пайдалы сіл­темелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жа­­ңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысу­шы­ларының күнтізбесі және чат сер­вистері үйлестірілген.

Сот кабинетінің мобильді қо­сым­шасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қон­дырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сер­висі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құ­жат­тарының мәртебесін бақы­лап отыруға; сот процесі қаты­сушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бо­йынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот про­цесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау тура­лы өтініш, атқару парағының тел­нұсқасын беру туралы арыз, сот акті­лерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Айшагүл ДОСМУРЗИНА

 

Батыс Қазақстан облысы