Сабах 1929 жылы қазіргі Кувейт мемлекетінің құрылуы кезінде ел монархының отбасында дүниеге келген. Ол 40 жыл бойы сыртқы істер министрі қызметін атқарған, ал әмір атанғанға дейін премьер-министр болды. Кувейт әміршісінің өмірден озуына байланысты көптеген елдің көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту хаттары келіп түскен. Қазақстан Президенті де суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Кувейт мемлекетінің жаңа әміршісі болып 86 жастағы шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах тағайындалды. Ол ағасы жүргізген саясаттың әрдайым үлгі болып қалатынын жеткізді. Жалпы бұл көшбасшылық кезеңде аса ірі саяси өзгерістердің болмайтыны айтылуда.