Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Тұғырда – теңбіл доп

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылының тұрғындары саламатты өмір салтын берік ұстанып, спортты жандарына серік еткен. Аталған елді мекен спортшыларының аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі жарыс­та көзге түсіп, жүлделі орындардан көрініп жүргені осының нақты дәлелі болса керек.

Тұғырда – теңбіл доп

Таяуда Бидайық ауылының тө­рінде «Туған жер» жобасы аясында демеу­шілердің қолдауымен футбол добына ескерткіш қойылды. «Кубок» деп аталатын бұл компо­зиция­ның негізгі мақсаты ауыл спортшыларының жетістіктерін паш етіп, саламатты өмір салтын насихат­тау», дейді жоба бастамашылары.

 

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы