Жыл басынан бері модульді стационарлық бекеттердің кезекші қызметкерлеріне 500-ге жуық азамат жүгініпті. Енді міне, тағы бір бекет Жайық жағалауынан ашылып отыр.
"Алда модульдік үлгідегі тағы 19 бекетті ашу жоспарланып отыр. Оның 10-ы Атырау қаласында, қалғаны жеті аудан орталығында болады. Облыс әкімдігінің қолдауымен биыл жоспарланған 34 учаскелік полиция пунктерінің 28-і ашылды. Оның 22-сі тұрғын үймен біріктірілген. Қазір облыс аумағында 92 учаскелік полиция пунктері қызмет атқарады. Оның 27-сі облыс орталығында орналасқан. Қосымша алты учаскелік полиция пунктін ашу қарастырылуда", дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Оның айтуынша, облыста 232 учаскелік полиция инспекторы, 71 көмекшісі бар. Олардың барлығы портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен қамтамасыз етіліп отыр.