Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында   15 253 жаңа  жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

«2020 жылы  елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда  148 обьекті бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында  мектептер, ауруханалар  тұрғын үйлері жөнделіп немесе құрылысы жүргізіліп жатқан,   инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі  орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, көгалдандыру бойынша бос  жұмыс орындары  ұсынылады»,- делінген Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7 489-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Орталықта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыстарға  Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде  тіркелгендер және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздар  жіберіледі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы  - халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген.Ол  қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.
      
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша   мәлімет алу үшін  7(7172)57 89 37, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.    

Жол картасы бойынша  бос жұмыс орындары туралы мәліметтер enbek.kz порталында жарияланады.