Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Профилактикалық шара аясында 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап облыс көлемінде "Учаске" жедел профилактикалық  іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Профилактикалық шара аясында 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Оның аясында полицейлер қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халықтың оларға деген сенімін арттыру, заңсыз қару ұстағандарды анықтау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралады. Шара басталғалы бері барлығы 45 мың 430 тексеріс жүргізіліп, оның ішінде 10512 пәтер мен 34918 жеке меншік үй араланды.

Облыс көлемінде барлығы 43 пәтердің жалға заңсыз беріліп жатқандығы анықталып, шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, белгілі тұрақты жері жоқ 10 адам қабылдау тарату орындарына жатқызылды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 3029 тұрғынның тұрғылықты мекен-жайларына тексеру жүргізілді.

Іс-шара барысында заңсыз қаруларды сақтау тасымалдау деректері анықталып, 15 қару тәркіленді.

Сонымен қатар барлығы 4 мың 746 әкімшілік құқық бұзушылық дерек белгілі болып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Қызылорда облысы