Қоғам • 05 Қазан, 2020

Елорда полицейлері қылмыспен күресте төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары төбеттерді полиция қызметінде қолдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда полицейлері қылмыспен күресте төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болды

Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті.

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр", деді Нұрділдә Ораз.

Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді.

Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.