Қазақстан • 05 Қазан, 2020

Биыл еліміздің 800 мыңға тарта тұрғыны ЦЭТВ-ға қол жеткізді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізіп, баламалы жүйені өшіру жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл еліміздің 800 мыңға тарта тұрғыны ЦЭТВ-ға қол жеткізді

Сапалы телевизияны ендіру жұмыстары аясында телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ радиотелевизиялық станциялар тұрғызып, модернизациялау үстінде.

2020 жылдың өзінде ғана 43 радиотелевизиялық станция: Солтүстік Қазақстан облысында 13, Қызылордада 16, Шығыс Қазақстан облысында 6, Ақтөбеде 5 және Ақмола облысында 3 РТС қолданысқа енгізілді. Бұл станциялардан тарайтын сигнал аталған аумақтардағы 684 елді мекен немесе 800 мыңға тарта тұрғынды қамтиды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне 5 РТС тестілеу тәртібінде іске қосылған, сынақ жұмыстары сәтті аяқталған соң «Жастар», «Осакаровка», «Қантай», «Сұңқар» және «Пионер» радиотелевизиялық станциялары қолданысқа енгізіледі. Бұл РТС-тердің қамту аумағына Қарағанды облысының 25 елді мекені енеді.

Цифрлық эфирлік телдехабар тарату желісін енгізу жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірқатар облыстар жаңа жүйеге толықтай көшті. Атап айтқанда Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында аналогтық телехабар тарату жүйесі өшірілді, биыл ЦЭТВ-ға толықтай көшу Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру 2022 жылы аяқталады деп көзделген, «цифрға» көшу үшін барлығы 827 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жетілдірілуі тиіс.

2020 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша, 518 РТС қолданысқа енгізіліп, цифрлық сигнал ел халқының 89,42 пайызын қамтып отыр.