Коронавирус • 05 Қазан, 2020

ДДСҰ сарапшылары полиэтилен пакеттерін қайта пайдаланбауға кеңес береді

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, COVID-19 қаптамалық материалдарда - негізінен картонда және пластиктің әртүрлі формаларында бірнеше сағат, тіпті тәуліктері бойы өмір сүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДДСҰ сарапшылары полиэтилен пакеттерін қайта пайдаланбауға кеңес береді

Сонымен қатар, көптеген тағамдар тасымалданылатын төменгі температурада да вирус тұрақтылығын жоғалтпайды.

ДДСҰ «қазіргі уақытта Covid-19 тамақтың беткі қабаты немесе тамақ орамасы арқылы берілуінің расталған жағдайы жоқ» екенін жеткізеді. Бірақ, індеттің жұғу қаупін азайту үшін бірқатар қарапайым ережелерді сақтау қажет деп санайды.

Атап айтқанда, тамақ орамдарын дезинфекциялаудың қажеті жоқ екенін, бірақ супермаркеттерге, дүкендерге немесе базарларға барғаннан кейін қолды дезинфекциялау керек екендігін хабарлайды.

Сонымен қатар, ДДСҰ сарапшылары сауда нүктелерінен өнімдер жеткізілген полиэтиленді пакеттерді қайта пайдаланбауға кеңес береді.