Қоғам • 06 Қазан, 2020

DariKz дәрі іздеу мобильді қосымшасы қолжетімді

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрілік заттарды сараптау ұлт­тық орталығының хабарлауынша, Қазақстанда тіркелген бар­лық дәрі-дәрмек жинақталған DariKz мобильді қосымшасының жаңар­тылған нұсқасы iOS платформасында штаттық режімде жұмыс іс­тейді.

DariKz дәрі іздеу мобильді қосымшасы қолжетімді

­Қосымша пайдалануға ыңғайлы, әл­де­қайда жылдам жұмыс істейді және AppStore-нің барлық талаптарына сәй­кес келеді.

DariKz мобильді қосымшасын пайдалана отырып, елімізде тіркелген дәрілер туралы ақпарат алуға болады. Қосымшада дәрілік препараттың дозасы, концентрациясы, сақтау мерзімі және ерекше белгілері, дәрі түпнұсқа немесе дженерик па, дәрігердің рецепті бойынша беріле ме, әлде рецепсіз бе, міне осылар туралы ақпарат бар.

Сондай-ақ «Шекті баға» бөлімінде дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға болады. Егер дәрі-дәрмектің бағасы Қазақ­станда бекітілген шекті бағадан асып кетсе, қосымшада шағым қалдыра аласыз. Бүгінгі күні қосымшадағы дәрілік зат­тардың деректер базасына 18 мыңға жуық препарат енгізілді, оның ішінде 6 500 дәріге шекті баға белгіленді.

Қосымшадан іздеген дәріңізді пре­параттың саудалық немесе халық­аралық патенттелмеген атауы, тір­кеу нөмірі ар­қылы табуға болады. Азамат­тарға ың­ғайлы болу үшін дәрі-дәрмек туралы бар­лық ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Айта кету керек, Android платформасында DariKz қосымшасын 123 мың қолданушы жүктеп алып, қолдануда.

DariKz қосымшасының 1.5.3 нөмірлі жа­ңа нұсқасы iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға жүктеу үшін қолжетімді.